Қаріп өлшемі: A A A
Сурет:
Қосу Өшіру

2020 жылдың 16 маусымында KazSEE аккредиттеу комиссиясының (Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығы) шешімі бойынша 5 жыл мерзімге институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткені туралы сертификат берілді.

Аккредиттеуден өту барысында Орталықазия техника-экономикалық колледжі аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін растай отырып, колледж қызметі қойылған миссия мен мақсатқа сәйкес табысты жүзеге асырылатынын дәлелдеді.

Колледж үшін аккредитациядан өту білім беру саласындағы жаңа сатыға көтерілуді білдіреді. Педагогикалық ұжым үшін жаңа деңгейде сапалы мамандар даярлауда қуатты мотивация болып табылады. Сонымен қатар, бұл жұмыс берушілерді білім беру процесіне тартуға үлкен мүмкіндік береді.